Ажырасқаннан кейін мүлікті бөлу тәртібі өзгерді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ажырасқаннан кейін мүлікті бөлу тәртібі өзгерді/фото: shutterstock / Andrey_Popov

Жоғарғы сот неке бұзуға қатысты істерді қарау тәртібін реттейтін нормативтік қаулыға өзгерістер енгізді. Бұл туралы Конституциялық сот хабарлады.

Бұл өзгеріс бұрынғы жұбайлардың мүлік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Соған сәйкес, ортақ мүлікті бөлу неке бұзылған күнге қарамастан тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бұған дейін мүлікті бөлу туралы талап қоюға неке бұзылған сәттен бастап үш жыл берілген. Енді бұл уақыт ерлі-зайыптының бірі өз құқығы бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған сәттен бастап есептеле бастайды.

Конституциялық соттың хабарлауынша, бұған дейінгі талаптар заңды түрде сатып алынған кез келген мүлікті, оның ішінде некеде сатып алынған мүліктегі үлесті жеке меншікке алу құқығын шектеген.

Айта кетейік, статистика бойынша 2024 жылы елімізде 40 569 отбасы ажырасқан.

Сондай-ақ оқыңыз