Қазақстан жыл соңына дейін мұнай өндірісін қысқартпайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан биыл мұнай өндіру көлемін бұрынғы деңгейде сақтап қалмақ. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін еліміз мұнай өндіруді көбейтуді де, азайтуды да жоспарлап отырған жоқ.

Министр Ақкенженов маусым айына қатысты нақты деректер әлі жарияланбағанын айта отырып, жыл соңына дейін өндіріс көлемі тұрақты күйінде қалатынын жеткізді. Яғни, қазіргі уақытта өндіріліп жатқан шамамен 1,8 миллион баррель/тәулік көлемі сақталады.

ОПЕК+ шектеулері Қазақстанға әсер етпейді ме?

ОПЕК+ ұйымы бірнеше жылдан бері мұнай нарығындағы тепе-теңдікті сақтау үшін қатысушы елдерге өндіріс көлеміне белгілі бір шектеу қойып келеді. Қазақстан да осы келісімге мүше.

Бірақ министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан бұл шектеулерге қарамастан, өндірісті азайтпайды.

«Неге азайтуымыз керек? ОПЕК+ елдері қойған шектеулердің мерзімі жақында аяқталады», – деді Ақкенженов.

Бұған дейін батыс басылымдары тамыз айында ОПЕК+ елдері өндіру көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін хабарлаған. Егер бұл рас болса, бұрын енгізілген шектеулердің соңғы 300 мың баррель бөлігі де алынып тасталмақ.

Алайда Ақкенженов бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми раста атап өтті.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда өнім бөлісу туралы келісімдер бар, шетелдік және жергілікті компаниялар соның негізінде мұнай өндіреді. Бұл келісімдер шеңберінде өндіріске шектеу қоюға болмайды. Яғни, мемлекет бизнеске еркіндік беруге мүдделі.

Сондай-ақ оқыңыз