Van Cleef, Marco Bicego, Fope: олигархтардан қайтқан бренд алқалардың құны қанша

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Элиталық бренд алқа бұйымдары аукционға шығарылды / Коллаж: kursiv.media  бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Олигархтардан қайтқан аса бағалы әшекей бұйымдар аукционға шығарылды. Электронды сауда алаңында жарияланған алқалардың арасында әлемдік элиталық брендтер де бар.  

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» E-Qazyna электрондық сауда алаңында мемлекет меншігіне қайтарылған активтерді шығарды.

Ең қымбат әшекей — Van Cleef & Arpels” брендіне тиесілі алқа. Оның бастапқы бағасы 38,5 млн  теңгеден асады. Сипаттамада көрсетілгендей 84 грамм болатын бұл алқа 16,92 карат гауһар тас және ақ алтынмен көмкерілген.

Фото: e-qazyna.kz

Одан кейінгі орында —  «Frank Muller» брендіне тиесілі алқа. Бастапқы бағасы  5,2 млн теңгеден басталады. 750 пробалы ақ алтынан тұратын әшекейдің самлағы 52 грамм, тастарының жалпы саны 230. Сондай-ақ, 4,6 караттық ақ гауһар тастармен көмкерілген.

Фото: e-qazyna.kz

Қымбат алқалалардың  алғашқы үштігінде «FOPE» алқасы бар. Оның құны 4,7 млн теңгеге бағаланған (бастапқы бағасы). Сипаттамада салмағы 11 грамм болатын зергерлік бұйым 192 гауһар (3,5 карат) және алты інжу-маржанмен көмкерілгені көрсетілген.

Фото: e-qazyna.kz

 “Marco Bicego“ брендінің алқасы да қымбат әшекейлердің қатарында. Ол бұған дейін шамамен ауқатты қазақстандық әйелге тиесілі болған. Оның бастапқы бағасы — 2,8 млн теңге. Сараптама қорытындысына сәйкес, әшекей сары алтыннан жасалып, 160 гауһар таспен (3,2 карат), өсірілген інжумен, топаз, аквамарин, аметист, гранат және турмалинмен көмкерілген.

Фото: e-qazyna.kz

“Marco Bicego“ брендтің тағы бір әшекейі де аукционға шығарылған. Құны 2,7 млн теңгеге саудаланып отыр. Әшекейдің жалпы салмағы 107,5 грамм, інжу, топаз, аквамарин, аметист, турмалин сынды  түрлі-түсті  бағалы тастармен көмкерілген.

Фото: e-qazyna.kz

Айта кетейік,  бұл алқаның барлығы мемлекет меншігіне қайтарылған. Аукцион 24 шілдеде өтеді және ағылшын әдісімен, яғни бағаның өсуімен жүзеге асады.

Сондай-ақ оқыңыз