Қазақстанда инфляция күшейді, бірақ экономика өсімі жақсы

Жарияланды 10 Шілде 2025 13:51

Сергей Домнин

Сергей Домнин

s.domnin@kursiv.kz
Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Қазақстанда әсіресе азық-түлік қатты қымбаттады / ЖИ көмегімен дайындалған сурет, бильд-редактор: Артур Алескеров
Қазақстанда әсіресе азық-түлік қатты қымбаттады / ЖИ көмегімен дайындалған сурет, бильд-редактор: Артур Алескеров

2025 жылдың сәуір-маусым айларында әлемде ақша-кредит саясатын жұмсарту үрдісі кері кетіп бара жатқаны байқалады. Ірі экономикалар жұмсарту саясаттын берік ұстанса, дамушы елдер қатаң шараға жүгінуге мәжбүр. Солардың ішінде Қазақстан Ұлттық банкінің күннен-күнге күшейіп келе жатқан инфляцияны тізгіндеу әрекетін осы екеуінің арасына қоюға болады.

Әлем елдеріндегі жағдай

Kursiv Research әлемнің 80 еліндегі ақша-кредит саясатының маңызды үш тетігіне тоқсан сайын сараптама жасап отыр. Олар: орталық банктер белгілеген мөлшерлеме, тұтыну инфляциясының динамикасы және осы екеуінің айырмашылығы (шынайы мөлшерлеме).

Биыл сәуір-маусым айларында нарығы ірі 30 экономиканың екеуі ғана мөлшерлемені көтерсе, 19 орталық банк түсірген. Дамушы экономикаларға жататын 50 елдің (оның арасында Қазақстан да бар) жетеуі оны көтерсе, үшеуі түсірген жөн деп тапқан.

Құрама Штаттарда мамыр айында инфляция 2,4% болды. Еуроаймақта мұндай көрсеткіш – 1,9%. Қытай экономикасында инфляция жоқтың қасы. Маусым айында тұтыну бағасы қаңтардан бері алғаш рет бар болғаны 0,1%-ға өсті. Бұл елде бірнеше ай бойы азық-түлік құны көтерілмеді, ал көлік және байланыс қызметі арзандады. Ресей экономикасындағы жағдайы қиындау. Наурызда тұтыну инфляциясы 10,3% болған. Содан кейін аздап бәсеңдеген. Мамырда 9,9% көрсеткен.

Қазақстандағы инфляция

ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді жұма, 11 шілдеде қабылдайды. Маусым айында инфляция 11,8%-ға дейін көтерілген. Мамырда 11,3% болған еді.

Әсіресе азық-түлік қатты қымбаттады – 10,6%. Одан басқа да тауарлар кем түспеді – 9,4%.

Айта кетерлік маңызды жайт, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында экономика 6%-ға өсті. Қазақстанда тауарлар мен қызмет өндірісінің мұндай жоғары өсімі соңғы рет 2010 жылдың басында тіркелген.

Экономика агенттері инфляцияның көтерілуін айтарлықтай маңызды мәселеге жатқызбайды. Халық баға одан сайын қымбаттайды деп ойлайды. Бірақ алдағы бес жыл көлемінде жағдай біршама түзеледі деген үміт бар. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтергісі келіп отырған жоқ.

Қазақстан бойынша қорытынды

Ұлттық банктің қазіргі ақша-кредит саясатын айтарлықтай қатты емес деп сипаттауға болады. Соған қарағанда, инфляциямен күресу үшін тәуекелге баруды ешкім қажет деп таппайды. Негізгі ойыншылар осылай қала бергенін құптайды.

ҰБ инфляцияны тежеуге тырысады, бірақ экономиканың өсіміне кедергі жасамайды. Мемлекет берешегі көбейгеніне қарамастан, үкімет қарыз алудан бас тартпайды. Бірақ билік экономиканы дамыту үшін бағаның көтерілгеніне назар аудармай отыр деуге болмайды. Мәселен, көкөніс қымбаттаған уақытта үкімет экспортты шектеді. Экономикалық өсім мен шынайы табысты бұдан да жоғары инфляция жұтып қоймайынша, билік бағаны ұстап тұру үшін осы секілді тиімді тәсілдерге жүгіне бермек.

Сондай-ақ оқыңыз