Халықтан 4,6 млрд теңге жинап алған құрылыс компаниясына қатысты іс сотқа жолданды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
строительство
Үлескерлерден 4,6 млрд теңге жинап алған құрылыс компаниясына қатысты іс сотқа жіберілді / Аскар Ахметуллин, бильд-редактор: Милош Муратовский

Үлескерлерден 400 млрд теңге жинап алып, үй салмаған құрылыс компаниясының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Елорда прокуратурасының үйлестіруімен үлестік құрылысқа азаматтардан қаражатты заңсыз тарту фактісі бойынша тергеу аяқталды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Тергеу барысында анықталғандай, компания қылмыстық схема бойынша жұмыс жүргізіп, 400-ден астам отбасыдан 4,6 млрд теңге жинап алған. Компания өкілдері тиісті рұқсат қағазын алмастан, заң талаптарын бұза отырып, азаматтардан ақша тартқан. Үлескерлерге 3 тұрғын үй кешенін салуға уәде берген. Алайда, іс жүзінде жиналған қаражат мақсатсыз жұмсалған. Құрылыс жұмыстары мүлде қолға алынбаған.

Осындай қиындықтар туындап қалмас үшін прокуратура азаматтарға тек құрылыс компаниясында құрылыс жүргізу бойынша рұқсат қағазы бар-жоғын анықтап алу қажет екенін ескертеді.

Айта кетейік, енді құрылыс компаниялары үлескерлерден алдын-ала қаражат тарта алмайды. Маусымда Сенат тиісті заңды мақұлдаған болатын. Заңға шілде айының басында президент қол қойды. Заңға сәйкес, үлескерлер салынып жатқан үйден пәтерді қолма-қол ақшаға сатып ала алмайды.

Сондай-ақ оқыңыз