Украинаны қалпына келтіру мен жаңғыртуға 14 жыл және 1 трлн доллар қажет

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Украинаны қалпына келтіру үшін екі қор құрылмақ / фото: KursivMedia мұрағаты
Украинаны қалпына келтіру үшін екі қор құрылмақ / фото: KursivMedia мұрағаты

Украинаны қалпына келтіру мен жаңғыртуға 14 жыл және 1 трлн доллар қажет. Мұны Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль айтты.

Униан ақпаратына қарағанда, ол бұл деректерді Римде өткен қалпына келтіру жөніндегі конференцияда жария еткен.

Жоспарға сәйкес екі қор құру ұсынылып отыр.

Бірі – 540 миллиард долларлық қор. Ол Ресей активтерін тәркілеу және Ресейден экспортталатын шикізатқа арнайы салық енгізу есебінен құрылады.

Екіншісі – 460 миллиард долларлық қор. Бұл Еуропаның жекеменшік секторының украиналық өндірістерге инвестиция салуына арналған платформа болмақ.

Айта кететін жайт, АҚШ Украинаға қару жеткізуді қайта бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз