Кеңес Рақышев Shoqan мектебіндегі үлесін жұбайы Әсел Тасмағамбетоваға сыйға тартты

Кеңес Рақышев Shoqan мектебіндегі үлесін жұбайы Әсел Тасмағамбетоваға сыйға тартты. Мектеп алғаш рет 2020 жылы ашылған.
Bes.media ақпаратына қарағанда, белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев Shoqan School – Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептегі 9% үлесін жұбайы Әсел Тасмағамбетоваға сыйлады. Бұл үлес оған тікелей тиесілі болған. Ал қалған 91% үлесті ол «Fincraft Group» компаниясы арқылы жанама түрде иеленіп келген.
2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Тасмағамбетова онда ресми үлеске ие болмаған. Енді Рақышев компания құрылтайшылары қатарынан толықтай шығып отыр.
2024 жылы мектеп 460 млн теңге шығынға ұшырағанымен, инвесторлардың қолдауы, операциялық табысы мен даму стратегиясының арқасында жұмысын жалғастырып келеді.
2024 жылдың маусым айында Shoqan мектебі қор биржасы арқылы 518 млн теңге инвестиция тартты. Forbes журналының мәліметінше, бұл мектеп Алматы мен Астанадағы үздік он жекеменшік мектептің қатарына кіреді.
Мұның алдында Кеңес Рақышевқа тиесілі Fincraft Resources компаниясы 2024 жыл үшін қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлемейтінін жазған едік.