Бұрынғы дін қызметкері Қазақстанда жаңа православ шіркеу ашқысы келеді

Бұрынғы дін қызметкері Қазақстанда Ресей православ шіркеуіне бағынбайтын жаңа православ шіркеу ашқысы келеді.
Orda ақпаратына қарағанда, Иаков Воронцов осы мақсатта қол жинауды бастаған.
Ол Константинополь патриархатының Қазақстанда өкілдігін ашу идеясын алғаш рет 2023 жылы ұсынған. Алайда ол кезде оған қатысты қылмыстық іс қозғалғандықтан, бұл бастама тоқтап қалған. Биыл көктемде іс жабылып, жақында Воронцов өз YouTube арнасында үндеу жариялап, барлық ниет білдірушілерді Константинополь патриархына хат жазып, қол қоюға шақырды.
Воронцов бұл жаңа шіркеу Ресей православ шіркеуіне қарсы емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл әрекет бәсекелестікке емес, таңдау еркіндігіне бағытталған.
Ол жаңа шіркеуді Ресей православ шіркеуінің ұстанымымен келіспейтін, әсіресе Украинадағы соғысқа байланысты ұстанымын қабылдай алмайтын православ христиандар үшін балама бола алады деп санайды.
Иаков Воронцов – Ресей православ шіркеуінің бұрынғы дін қызметкері. Ол шіркеудің Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымын ашық сынға алғаны үшін Қазақстандағы митрополия тарапынан діни қызметінен шеттетілген.
Сондай-ақ, Астанада Пасха мерекесінде тұрғындар бауырсақты жұмыртқаға айырбастаған еді.