«Дикий Арманның» сыбайласы Дубайдан Астанаға жеткізілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дикий Арман сыбайласы ұсталды/коллаж kursiv.media

Қылмыстық топ басшысы Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

«Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі Дубай қаласынан Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласы экстрадициялады. Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді», – делінген ақпаратта.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен 3 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.

Қазір күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айыптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде «бір топ адамды ұрып-соғып, күштеп ұстаған» деген күдікке ілінген. Бұл іске Жұмагелдиевтен бөлек, 43 адамның қатысы болған. Олардың қатарында Махатов қылмыстық тобының мүшесі саналатын кәсіпкер Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің экс-бастығы Руслан Ысқақов бар.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырды

Сондай-ақ оқыңыз