XXI ғасырдың Карлсоны: Қытайлық адам-дрон желіні жарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Қытайда көкке көтерілген өнертапқыштың видеосы әлеуметтік желіні жарды. Арқасына дрон орнатып, аспанға қалықтаған бұл адамды желі қолданушылары «XXI ғасырдың Карлсоны» деп атап кетті.

Бейнежазбада ер адам желдің күшімен емес, арқасындағы арнайы құрылғының көмегімен аспанға көтеріліп, батыл түрде ауада қалықтап жүргені көрінеді. Оның қозғалысы мен құрылғыны басқару тәсілі фантастикалық фильмдерді еске түсіреді.

Видеоны миллиондаған адам тамашалап, әлеуметтік желілерде қызу талқылауға салды. Бірі бұл жаңалықты болашақтың бастамасы деп бағаласа, енді бірі әзіл-қалжыңмен қабылдап, ғылым мен технологияның шексіз мүмкіндіктеріне тәнті болды.

Өнертапқыш әзірге құрылғының техникалық сипаттамаларын толық ашып айтқан жоқ. Алайда болашақта оны жетілдіріп, көпшілікке қолжетімді ету жоспары бар екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз