Қытайда зертхана меңгерушісі болған офтальмолог жоспарын айтты

Жарияланды
Фото: shutterstock

«Jibek Joly» арнасындағы «Бүгін.Live» бағдарламасына кванттық физикамен айналысатын әлемдегі жалғыз офтальмолог, ғалым Мұхит Құлмағанбет сұхбат берді. Ол өзінің жұмысы және бағытының ерекшелігі туралы айтты.

-Офтальмологияның өзінде де көп бағыт бар. Біз жақында зерттеулер жасадық. Жаңа офтальмологиялық бағыттың бастамасы деп білеміз. Өйткені бұрын-соңды кванттық ғылым офтальмология бағытында пайдаланбаған. Сондықтан кванттық механика не оптиканың адамзатқа көмектесетін пайдасы өте зор. Болашақта офтальмологияның негізі бағыты осы кванттық офтальмология болуы мүмкін. Мұның ерекшелігі кванттық механика жалпылама физикаға қарағанда фермиондарды немесе кіші заттарды зерттейді. Оның ішінде электрондар, фотондар. Біз мұны көз аурулары диагностикасына пайдаланып жатырмыз. Кванттық офтальмология енді дамып келе жатыр. Медицинаға берері көп. Нәтижесін және қорытындысын қазірге айтуға ертелеу. Осы соңғы 5 жыл ішінде біраз жетістікке жеттік. Оның ішінде өзіміздің құрылғыны құрастырдық. Соны пайдаланып жатырмыз, – деді Мұхит Құлмағанбет.

Елге көшіп келу турасында да әңгіме болды.

– Менің үйренерім көп. Сыртта жүргесін осында үйреніп елге мықты ғалым ғана боп емес, мықты дәрігер боп оралғым келеді. Бірнеше жыл сыртта жүре тұрамын. Болашақта елге барамын. Тек өз елімізге ғана емес, адамзатқа көмектесетіндей жағдай жасағым келеді, – деді Мұхит Құлмағанбет.

Ғалым шәкірттері мен арманы жайлы да айтты.

-Әрине, шәкірттерім өте көп. Қазақстанда да, Ұлыбританияда да шәкірттерім бар. Осында Гонконгта да ассистенттерім бар. Отбасылымын. Бір жарым жыл бұрын үйлендім. Арманым – көптеген адамға көмектесіп, соқырлықтың алдын алу, ғылыми жұмыс жасау. Еліме оралып, еліме көмектесіп, білімімді бөліскім келеді, – деді офтальмолог.

Сондай-ақ оқыңыз