ЖОО-ға түсу үшін кемі қанша балл керек

Жарияланды
ЖОО-ға түсу үшін кемі қанша балл керек
ЖОО-ға түсу үшін кемі қанша балл керек/Фото: shutterstock

2025–2026 оқу жылына жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды. 13-20 шілде аралығында талапкерлерден білім беру гранттары конкурсына, сондай-ақ ақылы негізде оқуға өтініштер қабылданады.

Құжаттарды eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе университеттер жанындағы қабылдау орталықтары арқылы тапсыруға болады.

ҰБТ шекті баллдары

Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша төмендегідей шекті баллдар белгілеген:

  • «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;
  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша – кемінде 70 балл;
  • Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;
  • Басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл;
  • Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін – кемінде 50 балл.

Жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.

2025 жылғы қабылдау науқанының ерекшеліктері

  • 2025 жылы «Цифрлық университет» қағидатын іске асыру жалғасып жатыр: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.
  • Цифрлық экономикаға кадрлар даярлау аясында сұранысқа ие техникалық және IT бағыттар бойынша қосымша гранттар бөлінді.
  • Ауыл мектептерінің түлектері үшін квоталар қарастырылған.
  • Әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мемлекет пен мақсатты гранттар шеңберіндегі квоталар арқылы жүзеге асырылады.

Министрлік талапкерлерді электрондық сервистерді белсенді пайдалануға, сондай-ақ қабылдау ережелерімен, қажетті құжаттар тізімімен және құжат тапсыру мерзімдерімен мұқият танысуға шақырады.

Бұған дейін, мамандық пен университетті қалай таңдау керектігі жөнінде кеңестен ұсынғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз