Атырауда бассейнге түскен оннан аса адам уланып қалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
бассейн
фото: shutterstock

Атырау қаласында бассейнге түскен оннан аса адам су құрамындағы хлордан уланып қалды. Бұл туралы осы өңірдің байланыс қызметі хабарлады.

Оқиға жексенбі, 13 шілдеде болған. Атырау қаласындағы бассейндердің біріне суға түскен 14 адам медициналық көмекке жүгінген.

«Ауруханаға 3 адам жатқызылған, олардың жағдайы тұрақты. Қалған тұрғындар дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады өңір қызметі.

Полиция осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

Мамандар ауа мен судан сынама алған. Хлор буы шекті мөлшерден аспағаны мәлім болды. Зертханалық талдау жұмыстары жүріп жатыр.

Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына зардап шеккендердің жағдайын бақылауда ұстауды міндеттеді. Бұған қоса, өңірдегі бассейндер мен аквапарктерді тексеруге тапсырма берілді.

Дәл осыған ұқсас жағдай 2021 жылы Алматы қаласында да болған. Сол жылы 23 қыркүйекте 11 бала ауруханаға түскен. Кейін дәрігерлер олардың хлордан уланғанын анықтаған.

Сондай-ақ оқыңыз