ЕуроОдақ АҚШ-пен келісімге келмек ниетпен сауда тарифін кейінге шегерді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

ЕуроОдақ АҚШ баж салығына жауап ретінде сауда тарифін көтермейді. ЕО 1 тамызға дейін АҚШ-пен бір келісімге келуге ниетті. Бұл туралы жексенбі, 13 маусым күні Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді.

«Америка Құрама Штаттарынан бізге хат келді. Онда егер келісімге келе алмасақ, қандай шаралар күшіне енуі мүмкін екені жазылған. Біз де қарап қалмай, өзіміздің қарсы шараларға қатысты үзіліс мерзімін тамызға дейін ұзартамыз», – деді ол.

Сонымен бірге, Брюссель Вашингтонмен мәмілеге келе алмаса, іске қосылатын шектеулерді дайындай бермек. Яғни, мүмкін болатын «сауда соғысына» толықтай дайын боладі деген сөз.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, ЕуроОдақ үшін ең ұтымды сценарий – сауда шиеленісін өршітпей, АҚШ-пен мәмілеге келу.

«Басты мақсатымыз сол. Ал бізде 1 тамызға дейін біраз уақыт бар, соны соңына дейін пайдаланып қаламыз», – деп түйіндеді Еурокомиссия басшысы.

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп тамыздың 1-інен бастап ЕО елдерінен келетін тауарларға 30%-дық импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Дегенмен, ол келісімге қол жеткізілсе, бұл жоспарынан бас тартуға дайын екенін де жасырмады.

Сондай-ақ оқыңыз