6 айда Қазақстан 49,9 млн тонна мұнай өндірген

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 49,9 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға артық (2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 44,7 млн тонна). Мұндай деректерді Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін мұнай өндірісінің жалпы көлемі 96,2 млн тоннаға жетпек. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,5 млн тоннаға (немесе 9,7%-ға) артық. 2024 жылы Қазақстан 87,7 млн тонна мұнай шығарған.

Мұнай экспорты да артты

Мұнай экспортындағы өсім де айтарлықтай: алты ай ішінде ел 39,6 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға көп (былтырғы көрсеткіш 35,4 млн тонна).

Жыл қорытындысы бойынша экспорт көлемі 70,5 млн тоннаға жетеді деп болжанып отыр. Бұл 2024 жылғы нақты көрсеткіштен 2%-ға жоғары (68,6 млн тонна).

Бұған дейін Ақкенженов Қазақстан жыл соңына дейін мұнай өндірісін қысқартпайтынын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз