Бектенов ҰҚК-ні басқара ма
Жарияланды

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз жиынында премьер-министр Олжас Бектеновтен «ҰҚК басшылығына ауысыуы мүмкін» деген ақпаратқа пікір білдіруді сұрады.
Журналист ҰҚК жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қосу жолымен күшейтіліп жатқанын атап өтіп, «күш құрылымдарын басқарған тәжірибелі маман ретінде өзіңізді ҰҚК басшылығына жібереді-мыс деген ақпаратқа пікір білдіріңізші» деді.
Бектенов мұндай ақпараттар жай ғана қаңқу сөз екенін атап өтіп, президент сенім артуын жалғастырса, үкіметте істей беретінін жеткізді.
Премьер-министр бұған дейін, Үкімет 2026 жылғы бюджетті жоспарлағанда мұнай бағасы 60 доллар болады деп есептейтінін мәлімдеген.