Назарбаев әулетіне тиесілі активтер қашан қайтарылады – премьер-министр жауабы

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
В Казахстане не будут отмечать 85-летие Нурсултана Назарбаева
Назарбаевтар әулетінен активтер қайтарыла ма? / Фото: kursiv.media

Халық Назарбаевтар әулетінен активтердің қайтарылағанын күтеді. Алайда бірінші президенттің отбасынан халық активтері әлі де дұрыс қайтарылмай жатыр. Бұл мәселе Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте көтерілді. БАҚ өкілі премьер-министр Олжас Бектеновтен әулетке өтіп кеткен активтердің қашан қайтарылатынын сұрады.

«Қаңтар оқиғасынан кейін халық Назарбаевтар әулетіне қатысты елде оң өзгерістер болады деп сенді. Бірақ Назарбаевтар әулеті әлі де, шалқып-тасып өмір сүріп жатыр. Активтер қайтарылып жатқан жоқ. Бұл әулеттен қандай қаражат қайтарылып жатқанын көзбен көріп отырған жоқпыз. Осы орайда үкімет көзбояушылықпен айналысып жатқан жоқ па?» – деп сұрады журналист.

Бектенов Үкіметтің көзбаяушылықпен айналыспайтынын, елде барлығы заң негізінде жүзеге асатынын айтты. Ал әулет өкілдерінен қаражат қайтарылып жатқанын жеткізді.

«Ешкім көзбояушылықпен айналысып жатқан жоқ. Жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Өзіңіз білесіз, әулет өкілі қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Барлығы заң негізінде жүзеге асуы керек. 900 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл да аз ақша емес. Біз ақырындап осындай нәтижеге қол жеткіздік. Мұның барлығы бір күнде істелген жоқ. Жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр. Егер кімде-кім заңды бұзса жауапқа тартылады», – деді Бектенов.

Айта кетейік, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыдан жалпы 733 млрд теңгенің дүние-мүлкі қайтарылды. Бұл активтердің барлығы «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» иелігіне өтті.

Сондай-ақ оқыңыз