Трамптың Украинаға көзқарасының өзгеруіне әйелі Мелания ықпал етті ме

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға қатысты ұстанымының жұмсаруына әйелі Мелания ықпал еткенін ішінара мойындады. Бұл туралы The New York Post басылымы жазды.
«Жұмыстан үйге келіп, бірінші ханымға: «Мен бүгін Владимирмен сөйлестім. Керемет әңгіме болды» деймін. Ол маған: «Әзілің бе?» Жаңа ғана тағы бір қала зардап шекті» деп жауап береді», – дейді Трамп үйдегі әңгімені еске алып.
Құрама Штаттардың бірінші ханымы Мелания Трамп Словенияда туған. Бұған дейін ол Украинадағы соғыс туралы көпшілік алдында ештеңе айтпаған. Дегенмен оның тарихи отаны 2022 жылғы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргелі бері Кремльмен суық қарым-қатынасын сақтап отыр, деп жазды NYP.
Себебі соғыс басталған алғашқы айда-ақ Ресей әуе күштері Харьков қаласын атқылау барысында Словенияның осы елдегі консулдығы ғимаратын қиратқан.
Енді Мелания украиналықтардың сүйіктісіне айналды. Сейсенбі күні Киев көшелерінде жергілікті тұрғындар осы соғыста Киев жағына шыққан славян бауырларын ұлықтады.
«Мелания соғысқа қарсы. Ол славяндардың қырылғанын қаламайды. Қолынан келгенше көмектескісі келеді», – дейді Киев тұрғыны Сергей Тарута The Post тілшісіне.
Бұл уақытта The Times басылымы Мелания Трампты Украинаның Ақ үйдегі «одақтасы» деп атаған.
Естеріңізге сала кетейік, Трамп 14 шілдеде кешке Мәскеуден атысты доғаруды талап етті. Кремль 50 күн үшінде соғысты тоқтатпаса, Вашингтон Ресейге қосымша баж салығын салады. Ресей ғана емес, оның Қазақстан секілді басты сауда әріптестері де Трамптың қосымша 100% тарифтеріне ілігуі мүмкін.