Николь Пашинян Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін екенін айтты

Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін. Бұл жайлы елдің премьер-министрі Николь Пашинян айтты.
«Біз мүшелікті уақытша тоқтатқанша ҰҚШҰ құрамынан шығуымыз әбден мүмкін», – деді ол.
Сондай-ақ ол Ереванның Еуроодаққа кіргісі келетінін де жариялады.
» Арменияда ЕО-ға кіру процесінің басталуы туралы қабылданған заң Арменияның Еуроодақ мүшесі болғысы келеді дегенді білдіре ме? Еуропалық әріптестерімізден осындай сұрақ түсті. Менің жауабым: иә, Армения Еуроодақ мүшесі болғысы келеді», – деп атап өтті премьер-министр.
Пашинянның сөзінше, екі тарап бұл мәселені талқылап, оңай процесс болмайтынына тоқталған.
Армения ҰҚШҰ-ға неге өкпелі?
Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) 1992 жылы кірген. Бірақ былтыр Ереван «өзін бұл ұйымнан тыс санайтынын» жариялаған.
«Құжаттарға келетін болсақ, біз ұйымның жұмысына қатысуымызды тоқтатамыз деп айттық. Құжаттарды әзірлеуге, талқылауға қатыспаймыз, ұсыныс білдірмейміз және ұсыныстарға жауап бермейміз. Ешқандай құжатқа вето қоймаймыз. Шын мәнінде, өзімізді ҰҚШҰ-дан тыс санаймыз. Олар не қалайтынын шешсін, істеріне араласпаймыз, вето қоюға құқығымыз бар, алайда қоймаймыз – бұл тек әріптестерімізге деген құрмет», – деген еді сол кезде Пашинян.
Ереван ҰҚШҰ мен Мәскеудің келісімшарт бойынша міндеттелемелерін орындамағанына наразы болды.
«2020 жылдан бастап Әзербайжан Арменияға үш рет ауқымды шабуыл жасады, осы кезде ҰҚШҰ Арменияға ешбір көмек көрсеткен жоқ», – деп ренжіген еді Арменияның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорян
Ал биыл наурызда ҰҚШҰ жарнасын төлеуден бас тартты.