Алматының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында жаңа басшы

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметіне Алмас Жанбыршы тағайындалды.
Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы сәулетші болып бастаған. 2005-2018 жылдар аралығында Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2018-2019 жылдары «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры болған.
2019-2021 жылдары Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2021-2022 жылдары «Астанабасжоспар» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры атанған.
2022-2023 жылдары Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған.
Осы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Бұған дейін, Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Алатау ауданында аудан әкімдігі, салалық басқармалар, коммуналдық қызмет пен тиісті ұйымдардың қатысуымен көшпелі жиын өтіп, ауданның қордаланған мәселесі мен инфрақұрылымдық жобаларды жеделдету жолдары қаралған.