1 доллар 534-535 теңгеден сатылып жатыр

Жарияланды 17 Шілде 2025 12:23

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Доллар нығайды / фото: shutterstock
Доллар нығайды / фото: shutterstock

Бейсенбі, 17 шілдеде, доллар күрт көтерілді. Елдегі ақша айырбастау мекемелері АҚШ валютасын 534-535 теңгеден сатып жатыр.

Валюта бағамына арналған Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау мекемелерінде 1 доллар 534 теңгеден сатылып, 532 теңгеден қабылданып жатыр. Ал Астана қаласында 1 доллар 535 теңгеден сатылып, 528 теңгеден қабылданады.

Бір күн бұрын, 16 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюта саудасы 528 теңгемен жабылған. Ұлттық банк бейсенбіге арналған доллар бағамын 526,50 теңге деп белгілеген еді.

Теңгенің әлсіреуіне бейсенбіде Құрама Штаттар валютасы индексінің айтарлықтай нығаюы да себеп болды. Жалпы алғанда, теңге бір аптадан бері құнын жоғалтып жатыр. Жеті күннің ішінде доллар 10-15 теңгеге, ал қырық күнде 30-40 теңгеге нығайды. Айта кетейік, 10 маусымда ғана бір доллар шамамен 508 теңге тұрды.

Екі күн бұрын ғана премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы брифингте теңге бағамына көңілі толатынын айтып, қазақстандықтарды девальвация болмайды деп сендірген.

Сондай-ақ оқыңыз