Бурабайда шетелдегі 150 қазақ баласы жазғы лагерьде демалып жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Шетелдегі қандастар этно-лагерьде демалып жатыр / Фото: ЖИ көмегімен дайындалған

9 елден келген 150 қандас бала Бурабайдағы Jas Qazaq этно-жазғы лагерінде бас қосты.

Бұл жолы лагерьге АҚШ, Түркия, Польша, БАӘ, Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қазақ диаспорасының балалары қатысып жатыр. Бұл дарынды, ынталы балалар, өздерін оқуда және Ұлттық жобаларда көрсетті. Ең бастысы, туған тамырымен байланысын сақтап қалды.

Балалар 2 апта ішінде домбырада ойнауды үйреніп атқа мінеді, киіз үй құрастырады. Сондай-ақ қазақтың мәдениеті, тарихымен тереңірек танысатын болады.

Jas Qazaq лагері 9 шілдеде IQanat High School of Burabay мектебінің базасында ашылған. Шетелдегі қазақ балаларына арналған этно-мекенді «Отандастар» қоры ұйымдастырды. Ол Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне қарайды.

Қор өкілдерінің айтуынша, табиғаты сұлу Бурабай өңірінде іске асатын Jas Qazaq жобасы этникалық қазақ балалардың тарихи отанымен байланысын нығайту үшін қажет.

Сондай-ақ оқыңыз