ҰҚК кісі өлтірді деген күдікке ілінген топ мүшелерін ұстады
Жарияланды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп 2025 жылғы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтірді деген күдікке ілінген топтың екі мүшесін ұстау бойынша операция жүргізгенін хабарлады.
Аталған адамдар 2025 жылғы маусымнан бері іздеуде болған.
Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешіліп жатқаны хабарланды.
Бұған дейін, ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысында 466 мың қорап темекі тәркіленгенін мәлімдеген болатын.