Үкіметтің 2026 жылға жоспары доллардың қымбаттауына әсер етті ме

Қазақстан үкіметінің 2026 жылға арналған негізгі макроэкономикалық болжамды қайта қараймыз деген ниеті теңгеге бағамына қазірден қысым көрсетуі ықтимал. Қазақстан иқаржыгерлер қауымдастығы осындай болжам жасайды.
Атап айтқанда, үкімет алдағы жылға арналған базалық доллар бағамын 475 теңгеден 540 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр. Бұл үкімет теңге алдағы жылы 13 пайызға әлсірейде деп болжам жасап отыр деген сөз. Сонымен қатар мұнай бағасының болжамы $75-тен $60-қа дейін, яғни 20%-ға төмендетілмек. Қаржыгерлер қауымдастығының пікірінше, мұндай өзгерістер ұлттық валютаға деген сенімді төмендетіп, нарықтағы девальвациялық күтулерді күшейтеді.
АФК мәліметінше, доллар сатып алушылар әлі де нарықта басым. Бұл да валюта бағамына қосымша қысым түсіріп отыр. Мұндай құбылыс дәстүрлі түрде жылдың екінші жартысында байқалады. Себебі осы кезеңде мемлекеттік бюджет қаржысы белсенді игеріледі, бұл импорт көлемінің артуына және шетел валютасына сұраныстың көбеюіне әкеледі.
«Шетел валютасын сатып алушылар көп, бұл доллар бағамының KASE биржасында өсуіне түрткі болып отыр. Сәрсенбі күнгі биржа саудасының қорытындысы бойынша USD/KZT бағамы 1 долларға 526,69 теңгеге дейін (+0,82 теңге) өсті. Сонымен қатар, нарықтағы сауда белсенділігі айтарлықтай артты – 301,0 миллион доллар (+57,6 миллион)», – деп жазады қауымдастық.
17 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда кезінде теңге бағамы 1 долларға 532 деңгейіне дейін әлсіреді. Ал ақша айырбастау мекемелері АҚШ валютасын 534-535 теңгеден сатып жатыр.
Бір күн бұрын, 16 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюта саудасы 528 теңгемен жабылған. Ұлттық банк бейсенбіге арналған доллар бағамын 526,50 теңге деп белгілеген еді.