ҰҚК құрамындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немен айналысады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамына кірді / Фото: kursiv.media архиві

B Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресетін тағы бір құрылым пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы қызмет құру туралы Жарлыққа қол қойды.

ҰҚК-ның арнайы бөлімшесі

Жаңа қызмет тек өкілеттіктерге ғана емес, сонымен қатар жеке заңды мәртебеге, штаттық құрамға және республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыруға ие болады.

Басты мақсат – барлық деңгейдегі жемқорларды анықтау, соның ішінде лауазымын, байланыстарын және шетелдегі есепшоттарын жасырып жүргендерді әшкерелеу.

ҰҚК-нің жаңа бөлімшесінің функциялары: сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел тыңдаулар жүргізу, айғақтарды тәркілеу, қаржылық құжаттармен жұмыс істеу, банктерге сұрау салу, қажет болған жағдайда халықаралық ынтымақтастық орнату.

Егер күдіктілердің бірі шетелге қашып кетсе, оны іздеп тауып, экстрадициялау және елге қайтару шаралары қабылданады.

Қызмет жоспардан тыс тексерулер жүргізуге, ревизорларды тартуға, тендерлер мен мемлекеттік сатып алуларды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы кез келген күдікті әрекеттерді талдауға құқылы болады.

ҰҚК туралы ережеге енгізілген өзгерістер

Жарлық Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы жалпы ережеге де өзгерістер енгізеді. Енді ҰҚК -ның міндеттерінің тізіміне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын анықтау және тергеу қосылды. Комитет қосымша функцияларға ие болды, оның ішінде аумақтық қорғанысқа қатысу және бюджет есебінен қаржыландырылатын жабық әскери нысандардың тізбесін бекіту де бар.

Жаңа редакцияда тұрғын үй комиссияларының жұмысы, ақпараттық жүйелердің қызметі, сондай-ақ қызметкерлер мен әрекеттегі резерв әскери қызметшілеріне тұрғын үй төлемдерін беру тәртібі нақтыланды.

Президент Жарлығы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Қ.Тоқаев 30 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіргізу туралы жарлыққа қол қойған. Осылайша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылған. 

Сондай-ақ оқыңыз