«Алматы тазалық» қызметкерлері бір күндік жалақысын Перизат Қайрат қорына аударған

«Алматы тазалық» мекемесінің қызметкерлерінің бір күндік жалақысын «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық қорына аударған. Бұл – 3 миллион теңге. Бұл туралы Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева сотына қатысқан компания өкілі Құрман Мақсат мәлімдеді.
Айтуынша, қызметкерлер су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында аптап ыстықта еңбек етіп, осы қаражатты жинаған. Қаражат 2024 жылғы 26 сәуірде аударылған.
«Менің білуімше, «Алматы Тазалық» мекемесінде бұл қаражаттың нақты қайда жұмсалғанын кейіннен ешкім тексермеген. Біз қор басшыларының адалдығына сенім арттық. Ел ішінде отандастарымызға көмек қажет деген ақпарат болды және біз қолдау көрсеттік», – деп атап өтті Құрман Мақсат.
Компания өкілдері зардап шеккендерге қаражат жинау туралы ақпаратты БАҚ пен әлеуметтік желілерден көрген. Ол жерде арнайы қор құрылғаны көрсетілген.
Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкері Жанерке Сатқанбекова қатысып, қор шотына 2 900 396 теңге аударғанын айтты.