Қазақстанда жыл басынан бері қанша тұрғын үй салынды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Елдегі тұрғын үйдің шамамен 93 %-ын жеке құрылыс компаниялары тұрғызған / Фото: kursiv.media архиві

2025 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанда 8 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,6 %-ға жоғары.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жалпы 7 933 447 шаршы метр тұрғын үй салынды, оның 5 млн шаршы метрі көппәтерлі болса, 2,8 млн шаршы метрі  жеке тұрғын үйлер.

Қазақстандағы барлық тұрғын үйдің шамамен 93 %-ын жеке құрылыс компаниялары тұрғызған.

2025 жылы Қазақстанда не салынды?

Жарты жылдың ішінде ел бойынша пайдалануға берілген:

  • 14 844 жеке тұрғын үй;
  • 807 көппәтерлі тұрғын үй;
  • 22 жатақхана.

6 айда 72 300 пәтер пайдалануға берілді — бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7 %-ға артық.

Ең көп жаңа тұрғын үй кешендері  Алматыда (242) cалынған. Одан кейінгі орында Астана (77),  ал Алматы облысында 61 жаңа  үй бой көтерген.

Қызығы, Алматыда тұрғын үй кешендері үш есе көп салынғанымен, жаңа пәтер саны бойынша көшбасшында – Астана тұр.

  • Астана — 19,1 мың пәтер;
  • Алматы — 14,8 мың пәтер.

Бұл айырмашылық Алматыдағы көп қабаттылыққа қойылған шектеулермен түсіндіріледі.

Ең аз жаңа тұрғын үй кешені қай өңірлерде салынды?

  • Атырау облысы – 10 ЖТҮ;
  • Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) – 10 ЖТҮ;
  • Маңғыстау облысы – 13 ЖТҮ.

Жеке тұрғын үйлер бойынша көшбасшы – Алматы облысы. Жыл басынан бері мұнда 2,4 мыңнан астам жаңа жеке үй пайдалануға берілген.

Құрылыс қарқыны өскен өңірлер:

  • Түркістан облысы – өсім +18,2 %;
  • Ақмола облысы – өсім +15 %;
  • Шымкент – өсім +14,5 %.

Құрылыс қарқыны төмендеген өңірлер:

  • Қарағанды облысы – 11,3 %;
  • Абай облысы – 12,4 %.

Жуырда премьер-министр Олжас Бектенов қосылған құн салығының көтерілуі тұрғын үй бағасына қалай әсер ететінін айтқан еді. Үкімет басшысы  салық кодексінің нормалары күшіне енгеннен кейін, баға саясатында күрт өсім болмайды деп сендірді.

Сондай-ақ оқыңыз