«ADCB» Ислам Банкі» Даму қорына 25 млрд теңге бөледі

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
фото: ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен

«ADCB» Ислам Банкі» АҚ «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерді қолдауға 25 млрд теңге бөледі. Бұл жайлы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен «ADCB» Ислам Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Гордон Хаскинспен кездесуінде айтылды.

Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік кешенді, әсіресе мал шаруашылығына инвестиция салуды ең перспективалық жобаның бірі ретінде қарастыруды ұсынды. Қазақстан Таяу Шығыс елдерінің премиум сапалы өнімге деген жоғары сұранысына сай ет экспортын тұрақты түрде арттырып келеді.

«ADCB» Ислам Банкі – Қазақстан мен ТМД елдерінде ашылған алғашқы ислам банкі. 2010 жылы Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес құрылған. 15 жыл ішінде банк еліміздегі жобаларға 3 млрд доллардан астам қаржы салды. Бұлардың ең ірісі – Атырау облысындағы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы (Silleno жобасы), АМӨЗ және ПМХЗ-да сутегі мен азот өндіретін қондырғылар, құрылыс саласындағы темір жол инфрақұрылымын жаңғырту жобалары.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі Ислам даму банкінен 1,1 млрд долларға дейін несие алатыны жарияланған еді.Бұл қаражат индустриялық аймақтардағы инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталады

Сондай-ақ оқыңыз