Сот Перизат Қайрат ісін жабық форматта қарап жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Қайрат ісін жабық форматта қарап жатыр/коллаж kursiv.media

Астана сотында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 2025 жылдың 18 шілдесіндегі сот отырысы жәбірленушінің тергеу барысында берген жауабын оқудан басталды.

Бұған олардың сот отырысына қатыспағаны себеп болды.

Жәбірленуші тараптың өкілі Жалеловтің жауабына сәйкес «Aneko L» ЖШС қорға 3 миллион теңге аударған.

«Бұл қор өзін әлеуметтік желілерде жақсы жарнамалады, сондықтан сол жаққа аудару жөнінде шешім қабылданды. Қаражатты ЖШС директорының шешімімен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында аударған. Компанияға 3 миллион теңге көлемінде шығын келді», – делінген жауабында.

Ал жәбірленуші Манарбек Бұхарбаевтың айтуынша, 2024 жылдың сәуірінде әлеуметтік желі арқылы «Biz Birgemiz» қоғамдық ұйымының тасқыннан зардап шеккендерге көмек жинап жатқанын білген.

«Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы ретінде департамент атынан 231 500 теңге аудардым. Бұл қаражатты департамент қызметкерлері қайырымдылық мақсатында жинаған. Маған ешқандай есеп берілмеді», – деді ол.

Содан кейін сот трансляцияны өшіріп, сот залынан іс тараптарынан басқа азаматтарды шығару туралы шешім қабылдады. Астана сотының баспасөз қызметі трансляция қашан қайта қосылатынынан хабар беретінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз