Карина Мамаш бұрынғы күйеуіне шыққан үкімге пікір білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Карина Мамаш үкімге пікір білдірді/фото: kursiv.media

Карина Мамаш бұрынғы күйеуі Сәкен Мамашқа шыққан үкімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KursivMedia.

Кек емес, әділдік

«Бірдеңе деп айту қиын. Адам соңына дейін өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Манипуляция жасап, осынша жыл бойы қысым көрсетті. Бұл кек алу емес, бұл – әділдік. Адам өзі сезініп, түсінеді деп ойлаймын. Оған ескерту жасағанымда күлетін», – дейді Карина Мамаш.

Айтуынша, басынан өткенді сөзбен айтып жеткізудің өзі қиын.

«Ешқашан зорлық-зомбылыққа төзбеңіздер. Сізді жақсы көрсе, ешқашан ұрмайды. Қауіп бар жерден қашыңыз», – дейді Карина Мамаш.

Сот үкімі

Астана сотында экс-дипломат Сәкен Мамаш әйелін қинағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотта Сәкен Мамаштың 2014 жылдан бастап жәбірленуші Карина Мамашпен мен некеде тұрғаны, сол уақыт ішінде жәбірленуші екі бала дүниеге әкелгені, үй шаруасындағы әйел болғаны анықталды. Оған дипломаттың жұбайы ретінде жәрдемақы тағайындалған, бұл жәрдемақыны сотталушы Сәкен Мамаш алып отырған

Сондай-ақ оқыңыз