Банктер мен букмекерлер 2026 жылдан 25% корпоративтік табыс салығын төлейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Сараланған КТС енгізіледі / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2026 жылдан күшіне енетін жаңа Салық кодексіне сәйкес, корпоративтік табыс салығы (КТС) 20% деңгейінде сақталады. Алайда кейбір кәсіпке сараланған салық мөлшерлемесі енгізілмек. Жарты жыл талқыланған заңға бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Атап айтқанда, банктер (бизнес субъектілеріне несие беруді қоспағанда) мен ойын бизнесі 25% КТС төлейді.

Әлеуметтік сала ұйымдары үшін бұл салық 2026 жылы 5% мөлшерінде белгіленіп, 2027 жылы 10%-ға дейін көтеріледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 3% болып қалады.

«Қор нарығын ынталандыру үшін биржалық құнды қағаздарға төленетін дивиденттерге салық жеңілдіктері сол күйі сақталады. «Бәйтерек» холдингі шығарған құнды қағаздардан түсетін кіріс 2031 жылға дейін КТС-тен босатылады», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Жаңа заң жобасынада пайдалы қазбаларды өңдеу мен геологиялық барлау саласы үшін қосымша жеңілдік қарастырылған. Атап айтқанда, тиімділігі төмен жаңа учаскелер 5 жылға пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босатылады.

Сонымен қатар келер жылдан жылдық табысы 33,4 млн теңгеден асатын азаматтар 15% жеке табыс салығын төлейді. Ал 230 мың АЕК-тен (904,4 млн теңге) асатын дивиденд алатын тұлғалар мен осындай табыс табатын кәсіпкерлерге де 15% жеке табыс салығы салынады. Ал фермерлердің осы межеден асатын табысына бұрыннан сақталған 70 пайыз жеңілдікті есепке ала отырып, 4,5 пайыз салық салынады.

Салық кодексінің жаңа жобасына сәйкес, аса қымбат мүлікке қосымша салық салу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, құны 75 мkн теңгеден асатын жеңіл көліктерге, сондай-ақ 100 мkн теңгеден жоғары тұратын ұшақ пен яхтаға 10 пайыз көлемінде акциз салығы салынады.

1 литрінің құны 500 мың теңге және 1 данасының бағасы 10 мың теңгеден асатын темекі өнімдеріне де 10 пайыз акциз салынады.

Бұдан бөлек, егер бір адамның иелігіндегі жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асып кетсе, иесіне әр мүлік үшін қосымша 2 пайыз мүлік салығы есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыз