АҚШ дәрігерлері Дональд Трамптың созылмалы ауруға ұшырағанын анықтады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Дональд Трамп тарифке қатысты дедлайн мерзімі әрі қарай созылмайтынын тағы ескертті / фото: REUTERS/Evelyn Hockstein
Дональд Трамп 70-тен асқан адамдарда жиі кездесетін ауруға шалдықты / Фото: kursiv.media архиві

АҚШ президенті Дональд Трампқа созылмалы веноздық жеткіліксіздік диагнозы қойылды. Ауру медициналық тексеру барысында анықталған.

Бұл мәселеге қатысты Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левит ресми брифингте мәлімдеме жасады.

«Президент толыққанды тексеруден өтті. Оның ішінде тамырлар диагностикасы, екі аяқ тамырларына допплерлік ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде созылмалы веноздық жеткіліксіздік анықталды. Бұл қауіпті емес әрі кең таралған ауру, әсіресе 70 жастан асқандар арасында жиі кездеседі», – деді Левитт брифингте.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Трампта терең тамыр тромбозы немесе артериялық ауру белгілері анықталмаған, ал эхокардиограмма жүректің қалыпты жұмыс істейтінін көрсеткен.

Сондай-ақ Левит, соңғы кездері АҚШ президентінің аяғында ісіктің пайда болғанына және қолының көгерудің белгілері бар суреттерге қатысты пікір білдірді.

«Жиі қол алысып амандасу салдарынан терінің жұмсақ тіндерді тітіркенеді Сондай-ақ жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін үнемі аспирин дәрісін қабылдайды. Осылардың әсерінен аяқ-қолы ісініп, көгереді. Дегенмен Президенттің денсаулығы өте жақсы. Сіздер өздеріңіз де көріп жүрсіздер – ол күні бойы тынымсыз еңбек етуде», – деді Левитт.

Еске салсақ, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға қатысты ұстанымының жұмсаруына әйелі Мелания ықпал еткенін ішінара мойындағаны жайлы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз