Санкция әсері: Мұнай бағасы берреліне 70 долларға жақындап қалды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Ресей мұнайын
Мұнай бағасы қымбаттап жатыр / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

18 шілде күні әлемдік нарықта мұнай бағасы көтерілді. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 70 долларға жақындады. Сарапшылардың пайымдауынша, мұнай бағасың өсуіне ЕуроОдақтың Ресейге қарсы кезекті санкция салуы мен Иракта дрон шабуылы салдарынан мұнай өндірісінің қысқаруы себеп болған.

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйектегі Brent фьючерстерінің бағасы $0,46-ға (0,66%) өсіп, $69,98 деңгейіне жетті.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстері $0,57-ға (0,84%) қымбаттап, $68,22 құрады.

Бұған дейінгі сауда сессиясының қорытындысында Brent 1,5%-ға, ал WTI 1,8%-ға көтерілген еді. Бұл – Ирактағы мұнай инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылдары туралы жаңалықтардан кейінгі реакция. Аталған шабуылдар салдарынан аймақтағы өндіріс көлемі тәулігіне шамамен 150 мың баррельге қысқарды.

Жұма күні инвесторлар ЕуроОдақтың Ресейге қарсы қабылдаған 18-ші санкциялар пакетін жіті бақылауға алды. Жаңа шектеуге сәйкес, ЕО мен G7 елдері Ресей мұнай бағасының шекті мөлшерін 47,6 дейін дейін түсірмек. Бұған дейін ол $60 шамасында саудаланған.

Financial Times мәліметінше, бұл бастама тек ЕО тарапынан көтерілген, өйткені G7 ішінде бұл мәселеде әлі келісім жоқ.

Сондай-ақ, жаңа санкция шеңберінде Еуроодақ Ресей мұнайынан өндірілген жеңіл мұнай өнімдерін үшінші елдер арқылы импорттауға тыйым салды.

Сондай-ақ оқыңыз