Жарты жылда бюджетке қаржы жоспардан кем түскен

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, республикалық бюджетке 10,3 трлн теңге түскен. Бұл үкімет жоспарынан 8,2 пайызға кем. Қаржы министрлігінің республикалық бюджеттің орындалуына қатысты есебіне сәйкес, алты айда ел қазынасына 11,2 трлн теңге түсім жинауы керек болған.
Аталған соманың 6,5 трлн теңгені салықтан жиналған ақша құрады. Бұл жоспардың 99,1%-ына тең және жоспардан 0,9%-ға төмен.
Салық құрылымында корпоративтік табыс салығынан (КТС) 2 трлн теңге түсіп, жсоапдан 2,1%-ға жоғары болған.
Ішкі тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге салынатын салықтар 3,4 трлн теңгені құраған. бұл көрсеткіш жоспардан 4,7%-ға аз.
Ал қосылған құн салығы (ҚҚС) 2,7 трлн теңгені құрап, жоспардан 7,1%-ға төмен орындалды.
Салықтан тыс түсімдер 389,3 млрд теңгеге жеткен, бұл үкімет жоспардан 30,5%-ға жоғары. Үкімет жарты жылда бюджетке 298 млрд теңге салықтан тыс қаржы тсүеді деп жоспарлаған.
Ұлттық қордан қанша ақша алынды
Ұлттық қордан бюджетке жалып сомасы 3,12 трлн теңге трансферт аударылған. Оның 2 трлн теңгесі – кепілдік берілген трансферт болса, 1,12 трлн теңгесі нысаналы түрде бөлінген қаржы.
Шығын қандай
2025 жылдың 6 айында республикалық бюджет шығыстары 11,76 трлн теңгені құрады, бұл жоспардың 91,4%-ына сәйкес келеді. 1 трлн теңгеге жуық шығын қысқарған.