Алматыда BRT жобасына байланысты Желтоқсан көшесі уақытша жабылады
Жарияланды

Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады. Бұл өзгеріс BRT жобасын жүзеге асыру аясында іске асады.
«Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осыған байланысты 19 шілде сағат 08:00-ден 20 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.
20 шілде сағат 08:00-ден 21 шілде сағат 06:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады», – делінген ақпаратта.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады.