Астана әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Оқу-жаттығу барысында көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы уақытша шектеледі / Фото: kursiv.media  архиві

Бүгін, 19 шілдеде, сағат 07:00-ден 13:00-аралығында  «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы аумағында, сондай-ақ бизнес-авиация терминалы аймағында ауқымды антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді.  Бұл туралы Астананың терроризмге қарсы жедел штабының баспасөз қызметі хабарлады.

Мақсат – ықтимал террорлық қауіп туындаған жағдайда құқық қорғау органдары мен арнайы бөлімшелердің жедел әрекет ету дайындығын тексеру.

«Оқу барысында террорлық сипаттағы түрлі сценарийлерге жедел әрекет ету мәселелері пысықталады. Осыған байланысты азаматтардан оқу-жаттығу кезінде түсіністік танытып, көлік пен тұрғындар қозғалысына қатысты уақытша шектеулерге сабырмен қарауды сұраймыз», – делінген штабтың хабарламасында.

Сондай-ақ штаб азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Айта кетейік, осыған дейін ҰҚК басшысы Ермек Сағымбаев кейбір азаматтардың деструктивті үгіт-насихаттың ықпалына түсіп, терроризм мен діни экстремизм идеологиясына бейім болып алғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз