
АВТОВАЗ Lada Iskra моделінің Ресейдегі бағаларын жарияланды. Жаңа көлік үш түрлі кузовта, үш қозғалтқыш нұсқасымен және төрт негізгі жабдықталу деңгейінде ұсынылады.
Lada Iskra модельдері
Ең қарапайым нұсқасы — 90 ат күшіне ие 1.6 литрлік қозғалтқышпен және механикалық беріліс қорабымен жабдықталған седан. Бағасы 1 249 000 рубльді немесе шамамен 8,5 млн теңгені құрайды. Бұл нұсқада екі қауіпсіздік жастығы, электрондық көмекшілердің базалық жиынтығы, жауын мен жарық датчигі, алдыңғы терезелерге ғана арналған электрлі көтергіштер қарастырылған. Кондиционер мен жылыту жүйелері бұл жинаққа кірмейді.

Life нұсқасы кондиционермен, алдыңғы орындықтардың жылытқышымен, айналардың жылыту жүйесімен және 106 ат күшіне ие 1.6 қозғалтқышпен бірге жұптасқан вариатор (CVT) қорабымен толықтырылады. Бағасы – 1 319 000 рубль (шамамен 8,9 млн теңге).
Enjoy жинақтамасында круиз-бақылау, 8 дюймдік экранмен жабдықталған мультимедиа жүйесі, әйнек жуғыш саптамалардың жылытқышы, руль бағанасын биіктігімен қатар тереңдігі бойынша да реттеу мүмкіндігі бар. Бағасы – 1 439 000 рубль (9,76 млн теңге).
Techno – ең жоғары жинақ. Ол артқы көрініс камерасымен, артқы орындықтың жылытқышымен, руль мен алдыңғы әйнектің жылыту жүйесімен, тұраққа қоюға арналған сенсорлармен және басқа да қосымша функциялармен жабдықталған. Бұл нұсқа тек 106 ат күшіне ие 1.6 қозғалтқышпен сатылады, 6 сатылы механика немесе вариатормен (CVT) бірге. Бағасы — 1 579 000–1 669 000 рубль (10,7–11,3 млн теңге).

Iskra SW универсалы әзірге тек бір ғана жинақта ұсынылады. 90 ат күшіндегі мотор мен механикамен — 1 499 000 рубль (10,2 млн теңге), ал вариатор және 106 ат күшіндегі мотормен — 1 649 000 рубль (11,2 млн теңге).
Iskra-ның ең қымбат модификациясы — SW Cross. Бұл — жол талғамайтын сипаттағы универсал. Ол Enjoy және Techno жинақтарында, 106 ат күшіндегі қозғалтқышпен және 6 сатылы механикамен немесе вариатормен сатылады. Бағасы — 1 629 000–1 799 000 рубль (11,1–12,2 млн теңге).
Қазіргі таңда Қазақстан нарығы үшін нақты бағалар жарияланбаған. Дегенмен, бұл бағалардың Ресейдегіден жоғары болатыны анық.
Еске салайық, «АвтоВАЗ» компаниясы «стратегиялық модель» деп атаған жаңа Lada Iskra көлігі 2025 жылдың тамыз айының соңында Қазақстан нарығында сатыла бастайды.