Александр Усик тағы да әлемнің абсолют чемпионы атанды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Украин боксшысы Александр Усик / фото: shutterstock
Украин боксшысы Александр Усик / фото: shutterstock

Украина боксшысы Александр Усик Лондон қаласында ағылшын спортшысы Даниэль Дюбуаны жеңді. Жекпе-жек бесінші раундта нокутпен аяқталды. Осылайша украин боксшысы екінші мәрте аса ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды.

Усик Дюбуадан Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқасы бойын чемпион атағын тартып алды. Бұған қоса, украин боксшысы Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC), Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) және Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) белдіктерін сақтап қалды.

Ол аса ауыр салмақта екінші мәрте әлемнің абсолют чемпионы атанып отыр. Алғаш рет мұндай атақты Усик 2024 жылғы мамырда жеңіп алған. Сол кезде ол ағылшын Тайсон Фьюриді жеңген. Бірақ кейін украин боксшысы IBF атағынан бас тартқан. Ол белдікті 2024 жылғы қыркүйекте Дюбуа жеңіп алған.

Дюбуа мен Усик бұған дейін 2023 жылғы тамызда кездескен. Сол жекпе-жекте те Усик тоғызыншы раундта нокаутпен жеңген.

38 жастағы Александр Усик кәсіпқой жарыста 24 кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. 2018-2019 жылдары Усик бірінші ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанған.

Айта кетейік, Усик 2012 жылы Лондон қаласында өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған.

27 жастағы Даниэль Дюбуа 22 мәрте жеңіске жетіп, үш мәрте жеңілген.

Сондай-ақ оқыңыз