Алматы қаласында ыстық су беруді тоқтатады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
21 шілдеден бастап 1 тамызға дейін мегаполисте ыстық су болмайды / фото: shutterstock

Алматы қаласында 21 шілдеден бастап 1 тамызға дейін ыстық су болмайды. Себебі мегаполис билігі осы уақытта жылу жүйелерін жөндеуді көздеп отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы билігінің мәліметінше, қаладағы барлық сегіз ауданда ыстық су беруді тоқтатады. Алдағы жылыту маусымына дайындық бір аптаға созылады. Жылу желілеріне гидравликалық сынақ күн сайын таңғы сағат 4-тен 7-ге дейін жүргізіледі.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Бұған қоса, әкімдік аудандарда жүргізілетін сынақ кестесі, шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері және өзге де пайдалы ақпарат жариялады.

Қай аудандар ыстық судан ажыратылады

21-23 шілде аралығында Алмалы, Жетісу, Алатау және Медеу аудандарында ыстық су беруді тоқтайды. Райымбек, Бродский, Рысқұлов, Сейфуллин, Мөңке би, Момышұлы, Фариза Оңғарсынова көшелері, сонымен бірге Бөгенбай батыр — Мұратбаев — Мақатаев — Тобаяқов — Желтоқсан және басқа көшелер бойындағы аудандарда жылу жүйесі жөнделеді.

21 шілдеден 1 тамызға дейін Бостандық ауданы ыстық судан ажыратылады. Мирас, Алмагүл, Қазақфильм, Орбита-1,2,3,4 ықшам аудандары, сонымен бірге Сайын, Әл-Фараби, Розыбақов, Каблуков, Тимирязев, Назарбаев және басқа да көшелерде жылу жүйесін жөндейді.

2224 шілдеде Әуезов, Алмалы, Медеу және Жетісу ауданарында жөндеу жұмысы жалғасады. Осы уақытта Қарасай батыр, Райымбек, Яссауи, Емцов, сонымен бірге қала орталығы ыстық сусыз қалады.

23-25 шілдеде Түріксіб ауданы мен Айнабұлақ 1–4 және Көкмайса ықшам аудандары ыстық судан ажыратылады. Павлодар, Петров, Отырар және Солтүстік айналма жол бойындағы аудандарда ыстық су беру тоқтайды.

24-25 шілдеде Наурызбай ауданында, Аллматы және Бостандық аудандарының бір бөлігінде, Құлагер ықшам ауданында, Төле би, Абай, Алтын Орда, Масанчи және Зерделі көшелері бойындағы үйлер де ыстық сусыз қалады.

30 шілдеден 1 тамызға дейін Алмалы және Бостандық аудандарының Қабанбай батыр, Жандосов, Варламов, Айманов көшелеріндегі үйлер ыстық судан ажыратылады.

31 шілдеден 1 тамызға дейін Әуезов ауданының бір бөлігі — Ұлықбек, Сайын, Сәдуақасов, Розыбақов, Байзақов және Өтепов көшелері бойында орналасқан аудандарда жылу жүйесі жөнделеді.

«Алматы жылу жүйесі» жөндеу жұмысы жүріп жатқан уақытта оқыс оқиғалар болуы мүмкін екенін ескертті. Мәселен, құбырларда су тасуы мүмкін. Мұндай жағдайда тұрғындарға оны өз бетімен тоқтатуға болмайды. Қауіпті аймақтан тез кетіп, компанияның диспетчер қызметіне хабарлау қажет.

Сондай-ақ оқыңыз