Корпоративтік креативті индустрияны қолдау қоры жұмысын бастайды

Осы жылы Қазақстанда Корпоративтік креативті индустрияны қолдау қоры жұмысын бастайды. Бұл жайлы мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарлайды.
Жаңа қор алдында таланттарды анықтау және акселерациялау, жобаларға инвесторлар тарту және инфрақұрылымды дамыту, сондай‑ақ қазақстандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару деген міндеттер тұр.
Министрлік дерегінше, елде 16 креативті орталық жұмыс істеп, акселераторлар, халықаралық тағылымдамалар мен білім беру бағдарламалары іске қосылған.
Айта кету керек, 2024 жылдан бастап 40 креативті экономикалық қызмет түріне қатысты 2–4 % бөлшек сату салығын енгізген арнайы салық режимі іске қосылды. Осы арнайы режим арқылы креативті индустрия субъекттерінің санын жыл сайын шамамен 17 % , яғни 46 667 кәсіпорынға көбейткен.
Енді 2029 жылға дейін креативті индустриялардың ЖІӨ-ге қосқан үлесін 2% -ға дейін арттыру (қазір 1%), креативті өнімдер мен қызметтер экспортынының көлемін 115 млн долларға, ал осы салада қызмет ететін мамандар санын 180 мыңға дейін жеткізу деген жоспар бар.
Қазақстандағы креативті экономиканың елеулі үлесін иеленетін – кино нарығы. 2023 жылғы дерек бойынша, елде 10 кинотеатр бар. Жалпы нарық айналымы миллиардтаған теңгеге жетеді.