Пәтерді қалай жылдам сатуға болады: мамандардан 7 кеңес

Пәтер сату – негізінде сіз ойлағандай ұзақ әрі қиын процесс емес. Егер бұл іске дұрыс көзқараспен қарап, ескерілуі тиіс мәселлерге көңіл бөлсе, сатып алушыны қысқа мерзімде табуға болады. Сатып алушылар пәтерді жай ғана байқап қоймай, бірден сатып алғуға шешім қабылдауы үшін не істеу керек? Осы жөнінде Krisha.kz сарапшыларының пайдалы кеңестерін назарларңызға ұсынамыз.
Дұрыс баға белгілеңіз
Сатып алушылар ең алдымен бағаға қарайды. Егер пәтер нарықтық бағамен немесе сәл төмен бағамен қойылса, қоңыраулар бірден басталады.
«Баға тым жоғары болмауы керек, бірақ тым төмен де болмауы тиіс. Әйтпесе, адамдар «Бұл пәтерде бір гәп бар шығар» деп күмәндануы мүмкін», — дейді Krisha.kz сату бөлімінің жетекшісі Имран Османов.
Кеңес: егер баға орташа деңгейден төмен болса, хабарландыруда бағаның неге төмен екенін түсіндіріп жазыңыз. Мысалы: «Шұғыл сату», «Көшуге байланысты сатамын» деген сияқты. Бұл күмәнді азайтып, қоңырау шалу мүмкіндігін арттырады.
Хабарландыруыңызды көзге түсетін етіңіз
Пәтер бағасы тиімді болса да, хабарландыру басқа жүздеген ұсыныстың арасында көрінбей қалса, оны ешкім байқамауы мүмкін. Сол үшін жарнамалау құралдарын пайдаланыңыз — хабарландыру іздеу нәтижесінде жоғарырақ шығып, көбірек назар аударады.
Кеңес: хабарландыруды ақылы түрде жоғарылатып, ТОПқа шығарыңыз — бұл көбірек қаралым жинауға көмектеседі, сәйкесінше, пәтер тез сатылады.
Сапалы фото түсіріңіз
Пәтердің суреттері — бірінші әсер қалыптастырады. Адамдар алдымен көзбен көреді, содан кейін ғана ойланады. Суретті жақсы жарықта түсіріп, артық заттарды алып тастап, тазалық орнатыңыз.
Барлық бөлмелерді көрсетіңіз: ас үй, жуынатын бөлме, пәтердің жалпы көрінісі мен терезеден қандай көрініс ашылатынын да ұмытпаңыз.
Кеңес: хабарландыру мәтіні де маңызды. Артықшылықтарын көрсетіңіз: қабаты, терезеден көрініс, инфрақұрылым, жаңа жөндеу жұмыстары және т.б.
Ипотекамен сатудан бас тартпаңыз
Қазір әр үшінші мәміле ипотека арқылы жасалады. Егер сіз ипотекалық сатып алушылардан бас тартсаңыз, сатып алушылар саны бірден азаяды.
Кеңес: егер пәтер ипотекаға жарамды болса (рұқсат етілмеген қайта жоспарлау жоқ, үйдің салынғанына 50 жылдан аспаған және үй каркас-қамыс емес болса), мұны хабарландыруда міндетті түрде жазыңыз.
Байланыста болыңыз
Керемет хабарландыру болғанымен, егер сатушы қоңырауға жауап бермесе, бәрі бекер.
«Бұл қарапайым, бірақ көбісі елемейтін нәрсе. Егер сіз жақсы баға қойсаңыз, қоңырау көп болады. Әрбір қоңырау — әлеуетті сатып алушы. Сондықтан жіберіп алмаңыз», — дейді Имран Османов.
Кеңес: қоңырауларға шұғыл жауап беріңіз, пәтерді мүмкіндігінше тез көрсетіңіз, бұл сізге басқа сатушылармен салыстырғанда артықшылық береді. Әсіресе, алғашқы күні жауап қайтару өте маңызды, сатып алушының қызығушылығы дәл сол кезде жоғары болады.
Көрсетілімге алдын ала дайын болыңыз
Сатып алушы пәтерді дәл қазір көргісі келеді. Көрсетілімді кейінге қалдыру сатушы үшін тиімсіз. Себебі сатып алушы басқа ұсынысқа кетіп қалуы мүмкін.
Кеңес: пәтерді кім, қашан және қаншалықты тез көрсете алатынын алдын ала ойластырыңыз. Көрсетілім кестесін құрыңыз.
Пәтерді күндіз, таңертең немесе түске дейін көрсеткен дұрыс. Бұл уақытта сатып алушылар сергек болады, бөлмелер күнмен жақсы жарықтанып, кең әрі жарық көрінеді.
Бағаны өзіңізге зиян келтіріп түсірмеңіз
Сатып алушы міндетті түрде саудаласуға тырысады, бағаны түсіруді және түрлі сұрақтар қоюды бастайды.
Кеңес: қанша жеңілдік жасай алатыныңызды алдын ала анықтап алыңыз және өзіңізге тиімсіз бағаға келіспеңіз. Сұрақтарға сабырмен жауап беріп, эмоцияға берілмеңіз.
Соңғы маңызды кеңес:
Сату процесі жылдам әрі сәтті өтуі үшін, пәтерді сатуға шығармас бұрын барлық құжаттарды дайындап қойыңыз.
Келесі құжаттар қажет болады:
- Мүлікке меншік құқығын растайтын құжат.
- Бұл сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту, жекешелендіру келісімшарты немесе мұрагерлік туралы куәлік және басқа құжаттар болуы мүмкін.
- Электронды үкімет порталынан (eGov немесе eGov Mobile) ауыртпалықтың жоқтығы туралы анықтама сұратыңыз.
- Кейде коммуналдық қарыздар немесе айыппұлдар себебінен мемлекеттік органдар мүлікке ауыртпалық қоюы мүмкін. Мұның бәрін алдын ала тексеріп алған дұрыс.
- Техникалық төлқұжат. Ондағы мәліметтер пәтердің нақты жағдайына сәйкес келуі тиіс. Егер қайта жоспарлау жасалса, оны заңдастыру қажет. Әйтпесе ипотека арқылы сата алмайсыз.
- Жеке куәлік. Құжат жарамды болуы керек. Егер жеке куәлік мерзімі өтіп кетсе, нотариус мәмілені рәсімдей алмайды.