«Қайрат» пен «КуПС» матчының билеттері сатылымға шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат - КуПС матчының билеттері сатылымға шықты
Қайрат – КуПС матчының билеттері сатылымға шықты / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыда 29 шілде күні өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы Қайрат – КуПС футбол ойынына билеттер сатылымға шықты. Кездесу Орталық стадионда сағат 20:00-де басталады.

Билеттерді Freedom Ticketon немесе Qairat SuperApp мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Ұйымдастырушылар жанкүйерлерден қауіпсіздік мақсатында билет сатып алу кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе төлқұжат деректерін көрсетуді сұрайды. Сонымен қатар, сатып алынған билеттер қайтарылмайды.

Маусымдық абонемент иелері өз орнына билет сатып алу мүмкіндігін бірінші болып алады. Бұл мәселе бойынша Ticketon қызметі әр адаммен жеке хабарласады.

Клуб билетті алыпсатарлардан сатып алмауға шақырады. Мұндай билеттер жарамсыз деп танылып, стадионға кіруге мүмкіндік бермеуі мүмкін. Бұл жанкүйерлерге де, ұйымдастырушыларға да қолайсыздық тудыратыны айтылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық «Қайрат» бірінші кезеңде словениялық «Олимпия» клубынан басым түскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз