Қазақстанда филантропия мектебі ашылмақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Қазақстанда эндаумент қорлары мен нысаналы капитал қорлары туралы заң аясында бірқатар жаңа бастамалар қолға алынбақ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде жалпы капитализациясы 50 млрд теңгені құрайтын 5 жоғары оқу орнында пилоттық эндаумент қорларын құру жоспарланып отыр. Бұл қадам білім беру мекемелерінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және ұзақмерзімді даму стратегияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, эндаумент қорлардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мамандар даярлау көзделіп отыр. Осы мақсатта АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанда филантропия мектебін ашу жоспарланып жатыр.

«Қазіргі таңда мұндай ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Мысалы, Индиана университетінен», — деді Гүлзат Көбенова.

Жаңа мектептің мақсаты — эндаумент қорлардың қызметкерлерін, әлеуетті инвесторлар мен салымшыларды, сондай-ақ активтерді кәсіби басқарушыларды даярлау.

Сондай-ақ оқыңыз