Тоқаевтың сынынан кейін вице-министр мен әкім орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды

Курорт аймақтарын тексеру нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлғаға сөгіс жарияланды.
Тоқаев тапсырма берді
Бұған дейін мемлекет басшысы туризм саласын жөніндегі тапсырма берді. Содан кейін премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
Оның құрамына туризм және спорт, көлік, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация, денсаулық сақтау министрліктерінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары кірді.
Содан кейін жұмыс тобы Қапшағай су қоймасындағы, Алакөл және Балқаш көлдеріндегі инфрақұрылыммен танысты.
10-12 шілдеде Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарына инспекциялық сапар барысында бірқатар жүйелі заң бұзушылықтар анықталды.
Кімге сөгіс жарияланды?
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, инспекция қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза қолданылды. Оның ішінде
- туризмді дамытуға жауапты туризм және спорт вице-министріне, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстары әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды;
- Қонаев, Балқаш қалаларының, Алакөл, Мақаншы аудандарының әкімдеріне, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдеріне сөгіс жарияланды;
- кәсіпкерлікке, туризмге, қоршаған ортаны қорғауға, сәулет пен саудаға жауапты облыстық басқармалардың басшыларына жазалау шаралары қолданылды;
- экология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, қаржы, су ресурстары және ирригация, сауда және интеграция, көлік министрліктерінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары жауапкершілікке тартылды.