Карина Мамаш бұрынғы күйеуінің туыстарына ескерту жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Карина Мамаш видео жариялады/фото: kursiv.media

6 жылға сотталған Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі әлеуметтік желіде видео жариялады. Ол бұрынғы күйеуінің туыстарына қарата ескерту жасаған.

Істің мән-жайы

Астана сотында экс-дипломат Сәкен Мамаш әйелін қинағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Содан кейін қазақстандықтар бұл іске назар аударып, түрлі пікір білдіріп жатыр. Оны мына жерден оқи аласыздар.

«Сендерді де отырғызуым мүмкін»

Карина Мамаш та желіде тараған видеоларға қатысты пікір білдірген. Ол Сәкен Мамаштың ағасы мен әпкесінің пікіріне шүйлікті.

«Ағасы мен әпкесі пікір білдіріпті. Егер бұл жалғаса берсе… Егер менің, анамның, әпкемнің атын қаралап, пікір айтуды жалғастыра берсеңіздер… менде сіздердің пікірлеріңіз сақталған арнайы папка бар. Біліп қойыңыздар, бұл әрекеттеріңіздің салдары болуы мүмкін. Мен Сәкенді түрмеге отырғыздым, сіздерді де отырғызуым мүмкін», – дейді Карина Мамаш.

Сондай-ақ оқыңыз