Циклон елдің көп бөлігіне жаңбыр мен бұршақ әкеледі
Жарияланды

Қазгидромет алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды циклон айқындайтынын хабарлады.
Циклон солтүстік-батысқа, солтүстікке және республиканың орталығына жаңбыр, бұршақ және дауылды жел әкеледі.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіліп, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
Десе де ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста өте аптап сақталып, ауа температурасы 42°С дейін көтеріледі.
Бұған дейін, тамыз айында қай өңірлерде құрғақшылық болатынын хабарлағанбыз.