Александр Бублик тағы бір турнирдің финалына шықты
Жарияланды

Александр Бублик тағы бір турнирдің финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Кицбюэльдегі жартылай финалда нидерланд Ботик ван де Зандсхюлпты 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Енді финалда Артюр Казомен кездеседі.
Бұл – Бубликтің маусымдағы үшінші финалы. Алдыңғы екеуінде ол чемпион атанған. Оның бірі – Галле қаласында өткен TERRA WORTMANN OPEN турнирі. Ал екіншісі – Швейцариядағы Swiss Open Gstaad турнирі.
Айта кетейік, биыл Бублик Германияның Галле қаласында өткен турнирде әлемнің бірінші теннисшісі Янник Синнерді жеңді. Үш сетке созылған матч 3:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.