Lufthansa компаниясының Қазақстанға рейстерді не себепті тоқтатқаны айтылды

Қазақстанның көлік министрлігі Lufthansa неміс әуе компаниясының елімізге рейстерін уақытша тоқтатуына не себеп болғанын түсіндірді. Бұл туралы KursivMedia тілшісі жазды.
Ведомствоның мәліметінше, әуе компаниясы 2025 жылдың 26 қазанынан 2026 жылдың 29 наурызына дейін Қазақстанға рейстерді орындауды уақытша тоқтатады.
Министрлік бұл жағдайға қатысты үш негізгі себепті атады:
Әскери жағдайға байланысты Ресей әуе кеңістігін айналып ұшу шығынның артуына әсер етіп отыр.
Сондай-ақ Lufthansa әуе паркіндегі ұшақ жетіспеушілігі және жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің дер кезінде жеткізілмеуі де әсер еткен. Қазір көптеген әлемдік әуе компаниялары тапсырыс берген ұшақтарды уақытында ала алмай отыр, сондықтан тасымалдаушылар өз жоспарын қайта қарап жатыр.
Тағы бір себебі – жолаушылар санының азаюы. Көптеген әуе компанияда қыста жолаушылар саны азаяды. Lufthansa компаниясының өтініші бойынша рейстердің жүктемесін қамтамасыз ету үшін әуе қатынасы Астана мен Алматы арқылы жүзеге асырылып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Германияның ұлттық әуетасымалдаушысы Қазақстанға баратын рейстерді тоқтататыны белгілі болды.