Алматылық хакер шетелдік компаниялардың серверін бұзған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ер адам шетелдік компаниялардан криптовалюта талап еткен/фото: shutterstock

Алматылық хакер шетелдік компаниялардан криптовалюта түрінде төлем талап еткен. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Шілдеде Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қазақстандық азаматты киберқылмыс жасады деген күдікпен ұстады.

«Тергеу материалдары бойынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютер деректерін шифрлайтын бағдарламалар орнатқан. Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен», – делінген ақпаратта.

Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

Сондай-ақ оқыңыз