Павлодарда бүлдіршіндерді ұру әрекетінен кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Павлодарда тәрбиеші жұмыстан босатылды/ фото: shutterstock

Павлодарда бүлдіршіндерді ұрған видео жария болғаннан кейін №116 балабақша тәрбиешісі жұмыстан босатылды.

Бұл туралы Instagram парақшасында өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады.

«Қазір №116 балабақшаның тергеуде жүрген тәрбиешісімен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен бұзылды. Оның себебі – тәрбиелеу функцияларын орындайтын қызметкердің осы жұмысты жалғастыруға сәйкес келмейтін адамгершілікке жат қылық жасауы», – деп жазды Сәуле Шәкенова.

Бұған дейін ата-аналар дабыл қаққан болатын. Олардың сөзінше, балалар үйде жылап, балабақшаға барудан бас тарта бастаған. Аналар мектепке дейінгі мекеме басшысына барып, бейнебақылау камерасындағы жазбаларды көрсетуді талап еткен. Кадрларда тәрбиешінің балаларға дөрекі қарағаны, итеріп, ұрып, қолынан және шашынан тартып жатқаны анық көрінеді. Монитордағы бұл бейнежазбаны аналар ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан. Олар дереу полиция шақырған.

Соңында он ата-ана құқық қорғау органдарына арыз жазды. Барлық бүлдіршін сот-медициналық сараптамадан өтті. Әйелге елден шығуға тыйым салынды.

Сондай-ақ оқыңыз